top of page

Босаға ауылының мектебі


Босаға мектебінің тарихы

Босаға орта мектебінің тарихы тым әріден бастау алады. Өткен ғасырдың 40-шы жылдары басында Балқаш мыс комбинатының қосалқы шаруашылығы болып құрылған елді-мекенде бастауыш мектеп болып ашылып,жас жеткшектерге білім бере бастады. Сол кездегі мектептің алғашқы ұстаздары ағайынды Ақатай, Ақетек Жарылғасыновтар болатын.

Кейінірек 7 жылдық мектеп болып қайта жабдықталған бүгінгі Босаға орта мектебі Балқаш қалалық оқу бөліміне қарады. №17-ші жеті жылдық мектептің тұңғыш директоры болып Кәріғұл Айқынбеков қызмет атқарды. Кейін К.Айқынбеков баінсқа қызметке ауысуына байланысты мектепке Төлеубек Қызылбаев басшылық жасады. Жеті жылдық болып құрылған білім ордасында Б.Айманова, Қ.Баяділов, М.Бақтыбаева, Л.Вальтер,А. Пак тәрізді тәжірибелі мұғалімдер еңбек етті. Мектеп жанынан интернет ашылып, мал шаруашылығымен айналысатын жақын елді-мекен тұрғындары балалары тәрбиеленді. Ұрпақ тәрбиесін басты назарда ұстаған мектеп ұжымына 1953 жылы, В.Ним, 1957 жылы Сәулебек Омарбеков, 1960 жылы Көшербай Қатпаевтар басшылық жасады. Сол уақытта мектептегі ұстаздар саны 20-дан асқан болатын.

1961 жылы Балқаш қаласының басшылығы Босаға елді-мекеніне оқушылыр санының көбейуіне байланысты, жаңа мектеп үйін салуды жоспарға еңгізген еді.

Қазіргі мектеп үйінің құрлысы 1962 жылдың көктемінде қолға алынып, 1963 жылдың қараша айының бас кезінде пайдалануға берілді.

250 оқушыға арналып,салынып жатқан қос қабатты мектеп үйінің ойдағыдай аяқталуына сол кездегі Балқаш қаласының екінші хатшысы Әлхан Жангіровтың еңбегі зор болғаның атап айтқан жөн. Босаға ауылдық кеңестін төрағасы Құрақбай Ахтаев мектептің құрылыс жұмысының бітіуіне белсене араласып, 8 жылдық жаңа мектеп іші оқушылардың күміс күлкісіне толды.


Избранные посты
Проверьте позже
Когда посты будут опубликованы, вы увидите их здесь.
Недавние посты
Архив
Поиск по тегам
Тегов пока нет.
Мы в соцсетях
  • Facebook Basic Square
  • Twitter Basic Square
  • Google+ Basic Square
bottom of page