Босаға ауылы жайлы
- Босаға кітапханасы
- 23 апр. 2018 г.
- 1 мин. чтения
Босаға - Қарағанды облысы Шет ауданындағы Босаға ауылдық округiнiң орталығы.
Географиялық орны.
Шалтас тауының етегiнде. Аудан орталығы Ақсу-Аюлының оңтүстiк-шығысында – 170 км, Қарағанды қаласының оңтүстігінде 280 км жерде орналасқан.
Тарихы.
Іргесі 1937 жылы Қарағанды-Мойынты темір жолының құрылысы бойында Босаға стансасының ашылуына байланысты қаланған. Округ аумағында өткен ғасырдың 40 жылдарында Балқаш өндірістік құрлысының қосалқы шаруашылығы ұйымдастырылған. 1960-1990 жылдары Босаға кеңшарының және ауылдық кеңестiң орталығы болды. Шаруашылықтың мамандандырылған негiзгi бағыттары қой шаруашылығы, қосымша саласы - жылқы, iрi қара өсiру болды. Жерiнiң жалпы ауданы 302 мың га.
Соғыс жылдары әскери-дала эвакогоспиталінің бастығы болған, ғылым докторы, профессор Шет ауданының «Құрметті азаматы» Гүлімжан Қарсыбекованың туған жері.
Халқы.
Тұрғыны:
• 1,0 мың адам (2006);
• 0.9 мың адам (2009).
Ұлттық құрамы: 97 пайызы қазақ; 3 пайызын өзге ұлт өкілдері құрайды.





Инфрақұрылымы
Округтің елді мекендерінде (Босаға, Бестамақ, Жұманбұлақ, Жылыбұлақ) 4 мектеп, мәдениет үйі, ФАП, кітапхана бар. Кеңшар негiзiнде 88 шарую қожалығы құрылған (2006). Ауыл басқа елді мекендермен автомобиль жолдары арқылы байланысады.