«Ризашылық пен алғыс»
Алғыс айту күні – бұл ең алдымен,елімізде тыныштық пен үндестік,өзара сенімділік пен барлық қазақстандықтарға деген құрметтің орнығуына негіз болған Президенттің бейбітшілік пен келісім саясатының салтанатты күні.Бұл –тағдыр тәлкегімен Қазақстан жеріне еріксіз қоныс аударған түрлі этностардың миллиондаған өкілдерінің құтты қонысына айналған қасиетті қазақ жері мен қонақжай қазақ халқына терең тағзым белгісі.
Осыған орай, Босаға ауылдық кітапханасында 1-наурыз Алғыс айту күніне «Алғыс білдіру – ең асыл сөз» атты кітап көрме және «Ризашылық пен алғыс» атты тренинг өткізділді.Тренингке 6-7 сынып оқушылары қатысты.Тренинг барысында оқушылар бір –біріне ризашылық тілектерің айтты. «Шебер қолдар» үйрмесінің мүшелері жасаған «Мың алғыс» жүрекшеге , «Оң саусақ» және «Күн» бейнелеріне өз алғыстарын жазды.
Comments