top of page

“Жанарым талды – ау, менің” Фариза Оңғарсынованың әдеби –музыкалық кеші

Ақпанның 19-күні мәдениет үйінде қазақтың ақын қызы Ф.Оңғарсынованың «Жанарым талды-ау, менің» атты поэзия кеші өтті. Мақсаты: Фариза Оңғарсынованың өмірі мен шығармашылығы жайлы насихаттау, оқушылардың поэзияға деген қызығушылығын арттыру, ақынның ірілігі мен парасаттылығын айқындай түсу. Фариза Оңғарсынова – биік сезімнің ақыны. Халық жазушысы Ф.Оңғарсынова көзі тірісінде «Бір ел- бір кітап» акцияның төрайымы бола отыра өзінің төл туындысы «Дауа» жыр жинағын да енгізді.Бұл кешке ауылымыздың оқырмандары, поэзия сүйер қауымы жиналды.Кешке үйірме мүшелері мен мектеп оқушылары, студенттер қатысты, Фариза апамыздың өлеңдері, монологтары оқылып, Фариза апамыздың сөзіне жазылған әндер орындалды.Өмірін өлең деп ұққан, қазақ жырында өзіндік өрнегімен аты шыққан Қазақстанның халық жазушысы Ф.Оңғарсыноваға арналған «Жанарым талды- ау, менің» атты поэзия кеші өз мәресіне жетті.


Избранные посты
Недавние посты
Архив
Поиск по тегам
Тегов пока нет.
Мы в соцсетях
  • Facebook Basic Square
  • Twitter Basic Square
  • Google+ Basic Square
bottom of page