top of page

"Күй анасы Дина" көрме

Күй өнері -қазақ халқының ең құнды, бағалы мұраларының бірі.Сондай дарын иелірінің бірі -қазақ өнерінде өзінің өшпес ізін қалдырған күйші,композитор Дина Нұрпейісованың туғанына биыл 160 жыл толып отыр.

Дина Нұрпейісова Бөкей ордасы,Нарынның Бекетай құмы жерінде қарапайым шаруа отбасында дүниеге келген.Әкесі Кенже еркесін домбыра үнімен әлдилесе, анасы Жәниха қызын бесік жырымен тербеткен.Дүние дидарын ашқан сәттен бастап домбыра үніне құлақ құрышын қандырып өскен дарынды Дина бес жасында әкесінің домбырада тартқан күй саздарын пернелерге дұрыс түсіруге әуестене бастайды.Қызының бұл қабілетін аңғарған әкесі де риза көңілмен бар білгенін қызының бойына сіңіруге күш салады.Тоғыз жасында әкесінен үйренген әндер мен күйлерді меңгеріп, домбырада еркін ойнай бастаған Динаны айналасындағылар "домбырашы қыз" деп атап кетеді.Дина 19 жасында тұрмысқа шығады. Ұзатылу тойында ұстазы Құрманғазы өзінің жан серігіне айналған домбырасын шәкірті Динаға тарту етеді.Ұстазы шәкіртіне "енді өзің де күй шығарсаң болады" деп батасын береді.Динаның тырнақалды шығарған күйлерінің қатарына "Бұлбұл", "Байжұма", "Жігер" күйлерін жатқызуға болады.Дина Қазақ филармониясына жұмысқа алынып,оған "Еңбек сіңірген өнер қайраткері" атағы берілді.Ол 1939 жылы Мәскеуде өткен Бүкілодақтық ұлттық аспапта орындаушылар байқауында бірінші орынды иеленеді. 1944 жылы 83 жастағы Дина Ташкентте өткен Орта Азия республикалары музыкасының 3-ші онкүндігінде өнер көрсетіп, сол жылы ол "Қазақ СССР-інің халық әртісі" атағын алады.Қазақтың күйші қызы Дина халық алдында соңғы рет 1952 жылы 91 жасында шықты. Ал 1955 жылдың 31 қантарында күйші Алматы қаласында дүниеден өтті.


Comments


Избранные посты
Недавние посты
Архив
Поиск по тегам
Тегов пока нет.
Мы в соцсетях
  • Facebook Basic Square
  • Twitter Basic Square
  • Google+ Basic Square
bottom of page