top of page
Поиск

"Шын жүректен алғыс айтамын"

  • Фото автора: Босаға кітапханасы
    Босаға кітапханасы
  • 2 мар. 2020 г.
  • 1 мин. чтения

Талай тағдырлардың басын өз шаңырағының астына біріктіріп, қанатымен су сепкен қарлығаштай, қамқорлығына алған Қазақстанда адамға құрмет көрсететін күн белгіленді. Тұңғыш Президентіміз Н.Ә.Назарбаев барлық ұлттың бір-біріне және қазақтарға алғыс айту күнін бекітуді ұсынды. Осылайша, 1 Наурыз күні – көктемнің алғашқы күні Алғыс айту күні болып жарияланды. Осыған орай, Босаға ауылдық кітапханада «Алғыс- сөздің асылы» атты тақырыптық сөре қойылып, «Шын жүректен алғыс айтамын» атты 3 сынып оқушылары арасында тренинг өтті. Тренинг барысында әр ұлттың бір- бірімен қалай амандасатыны және «Жүректен жүрекке» әдісі арқылы оқушылар бір- біріне ризашылық тілектерін айтты. Алғыс айту күні – бұл ең алдымен елімізде тыныштық пен үндестік, өзара сенімділік пен барлық қазақстандықтарға деген құрметтің орнытуына негіз болған Президенттің бейбітшілік пен келісім саясатының салтанатты күні екені түсіндірілді. «Мың алғыс» атты жүрекшеге оқушылар өз алғыстарың жазды.


 
 
 
Избранные посты
Недавние посты
Архив
Поиск по тегам
Мы в соцсетях
  • Facebook Basic Square
  • Twitter Basic Square
  • Google+ Basic Square
bottom of page