Поиск
"Өшпес ерлік, мызғымас бірлік"
- Босаға кітапханасы
- 24 февр. 2020 г.
- 1 мин. чтения



Биыл өшпес із қалдырған Ауғанстан соғысының аяқталғанына 31жыл толып отыр. Өрімдей жас сарбаздардың соғыста ерлік танытып, жат елде жан тапсырғандары жылдар өтсе де ұмытылған жоқ.
Осыған орай Босаға ауылдық кітапханасында 21 ақпанда «Ауғанның от жалыны» атты көрме қойылып, «Өшпес ерлік, мызғымас бірлік» атты әңгіме өтті. Жат елде қаза тапқан жауынгерлердің ерліктерін ұмытпау - әркімнің борышы екендігін атап өтіп, бір минут үнсіздікпен еске алдық.
Шараға мектеп оқушылары қатысты. Оқушыларға ағаларымыздың ерліктері туралы баяндалып, оларды өз Отанын сүюге, жаудан қорғауға, өз елінің патриоты болуға шақырдық.
