top of page
Поиск

"Ұлы дала өркениеттері"

  • Фото автора: Босаға кітапханасы
    Босаға кітапханасы
  • 24 февр. 2020 г.
  • 1 мин. чтения

Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасының жалғасы ретінде «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласын өскелең ұрпақтар мен ауыл тұрғындарына ақпараттық түсіндіру, жас ұрпақтарды төл тарихымызға,түп тамырымызға үңілтіп, Ұлы дала кереметтері туралы танымын кеңейту мақсатында Босаға ауылдық кітапханасында «Ұлы даланың жеті қыры» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, библиографиялық шолу жасалды. «Ұлы дала өркениеттері» атты дөнгелек үстел отырысы өтті.

Шараға 8 адам қатысты.

«Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы слайд арқылы оқырмандардарды Қазақстанның ұлы тарихымен, еліміздің ұлы тұлғаларымен, көрнекті қайраткерлерімен таныстырып, тарихымызға шолу жасалды. Оқырмандар мақалаға байланысты өз ойларын білдіріп, барлығы да бұл бастаманы қолдайтындарын жеткізді.Өткенді білмей, болашақты болжау қиын.

Бүгінгі іс- шарамыз тағы да Қазақстан халықтарының тектілігіне көз жеткізді.Өйткені тарихымыз бен мәдениетіміз өскелең ұрпақ санасына жеткізу қастерлі міндеттің бірі деп санаймыз.


 
 
 
Избранные посты
Недавние посты
Архив
Поиск по тегам
Мы в соцсетях
  • Facebook Basic Square
  • Twitter Basic Square
  • Google+ Basic Square
bottom of page