top of page

"Қазақ поэзиясының хан тәңірі"

  • Фото автора: Босаға кітапханасы
    Босаға кітапханасы
  • 14 февр. 2020 г.
  • 1 мин. чтения

4 ақпанда Босаға ауылдық кітапханасында, Қазақстанның халық жазушысы, Қазақ ССР мемлекеттік сыйлығының лауреаты, тәуелсіз «Тарлан» сыйлығының иегері, Қазақстан Республикасының алғашқы Әнұраны мәтінінің авторларының бірі, ақын, жазушы, публицист, сыншы, драматург Қадыр Мырза Әлі шығармашылығына арналған «Қазақ поэзиясының хан тәңірі» атты поэзия кеші өтті.

Шараға кітапхананың белсенді оқушылары қатысты. Ақынның жыр жолдарын Д.Қарғабай «Қазақтарды шетелдік қонақтарға таныстыру», Г.Совет «Ана тілің –арың бұл», А.Құдайберген «Табиғат –жаратылыс пернесі» мәнерлеп оқып берді. Ақын ағамыз балалар әдебиетіне де үлкен үлес қосқан. Оқушылар біраз жұмбақтар шешті, «Құлақ не үшін керек?» және «Биялай мен қолғап» атты мысалдарды келтірді. Шара барысында «Сырлы сөздің шебері» атты кітап көрмесіне шолу жасалып, кітап қорындағы ақын кітаптарымен таныстырды.

Шара соңы оқырмандардың орындауындағы Мырза Әлінің сөзіне жазылған «Атамекен» әнімен аяқталды


 
 
 

Comments


Избранные посты
Недавние посты
Архив
Поиск по тегам
Мы в соцсетях
  • Facebook Basic Square
  • Twitter Basic Square
  • Google+ Basic Square
bottom of page