Поиск
"Абаймен кемел білімге"
- Босаға кітапханасы
- 14 февр. 2020 г.
- 1 мин. чтения
Босаға ауылдық кітапханасында 6 ақпанда қазақтың біртуар ұлы, данышпан ақын,ойшыл, дана, ғұлама, қазақ әдебиетінің шоқтығы биік ірі тұлғасы Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына арналған «Абаймен кемел білімге» атты әдеби бульвар өтті. Шараға 24 оқырман қатысты.
Іс-шара ақынның «Көзімнің қарасы» атты әнімен бастауын тапты.
Әдеби кеш барысында кітапханашы «Адамзаттың шамшырағы –Абай» атты слайд арқылы ақынның өмірі мен шығармашылығы жайлы баяндап берді.
Оқушылар ақынның өлеңдері мен қара сөздерін жатқа оқып, әндерін шырқады. Соңында «Кемел ойдың кемеңгері» атты кітап көрмесімен таныстырып, шолу жасады.


