"Қош келдің әз-Наурыз!"
Наурыз мейрамы – Ұлыстың ұлы күні. Бұл күні күн мен түн тенеледі. Табиғат та , Жер –Ана да, жан – жануарда түлейді, жаңарады.Мақсаты: жас оқырмандарға, жастарға Наурыз-жыл басы, ұлт мейрамы екендігін тарихи маңызын түсіндіру. Өз ұлтына деген сүйіспеншілігін арттыру; қазақ халқының салт-дәстүрін, тілін, дінін, әдет-ғұрпын сақтауға, қастерлеуге тәрбиелеу. 22 Наурыз мерекесіне орай Босаға ауылдық кітапханада «Наурыз –жыл басы» атты кітап көрмесі оқырмандарға ұсынылды.Мәдениет үйі, мектеп, кітапхана, ауыл болып наурыз мейрамын тойлады. Қонақтарға шашу шашылып,мерекелік кеш өтті. Қонақтарға ұлттық тағамдар ұсынылды, көріністер көрсетілді, ұлттық ойындар өтті. Арқан тарту, гір көтеру, асық ату, жүгіру секілді спорттық шаралар қызықты болды. Үлкендер бата берді.
Бұл күні жақсы тілек тілеу, құттықтау, кешірім жасау, табысу сияқты адамгершілік қасиеттер көрініс тауып, кейінгі ұрпақтар сондай жақсы өнегеден үлгі алған. Наурыздың айрықша тәлім- тәрбиелік, үлгі – өнегелік, сән- салтанаттық, мәрт- жомарттық,қадір – қасиеттілік нышан белгілері мен таным ұғымдарының үлгі түрлері өте көп. Оның барлығы әр адамды жоғары саналылыққа, әдептілікке, өнегелікке, бауырмалдыққа, көргенділікке, ізгілік пен білімділікке баурайды. Наурыз мерекесін асыға күтетініміз, ерекше даярланатынымыз содан болса керек.