"Қарты бар ел -қазыналы ел"
Үлкенді сыйлау, оларға құрмет көрсету – ата-бабадан келе жатқан салтымыз. Қарт кісіні құт-береке деп танысақ-ол ұрпақ көрегендігі. Ұрпағы құрметтеген ата-ана әр кезде де бақытты. Осыған орай Босаға ауылдық кітапханасында «Қарты бар ел –қазыналы ел» атты кездесу кеші өтті. Кездесуге кітапханада бұрында жұмыс істеген, жұмыс атқарған апайлар Бердибекова Наташа Фатиховна және Жумакасова Манат Бекмырзаевна шақырылып, оқушылар өз өнерлерің көрсетіп, жүрекжарды құтықтау сөздерін айтып, апайлардың шапағатына бөленді.Қарттар ризашылығын білдіріп, баталарын беріп,алғыстарын айтты.
Шара аясында «Даналықтың белгісі – қарияда» атты кітап көрме таныстырылып, әдеби шолу жасалып насихатталды.