top of page

"Қазақ поэзиясының Құлагері"

Қазақ әдебиетіндегі үш бәйтеректің бірі Ілияс Жансүгіровтің туғанына биыл 125 жыл. Мерейлі датаға орай 2019 жылдың 15 мамыр күні Босаға ауылдық кітапханада «Қазақ поэзиясының Құлагері» атты әдеби кеш өтті.

Бүгінгі іс-шараға 6-8 сынып оқушылары қатысты.

Қазақ әдебиетінің құлагері атанған ақын, аудармашы өзінің қысқа ғұмырында көптеген шы,армалары мен аудармаларын жас ұрпаққа аманат етіп қалдырған.Қаламгердің терең тынысты, танымдық шығармалары туған өлкесі Жетісудың ғажайып сұлулығын танытады.

Кеш барысында ақынның «Құлагер», «Ағынды менің Ақсуым» ,«Арман», «Домбыра» ,«Күй», « Жазғытұрым», «Бұлбұлға», «Жаз», «Туған жер» атты шығармаларынан үзінді оқылып, өмірі мен шығармашылығы туралы баяндамалар да жасалды, Сәкен Сейфуллин, Бейімбет Майлин, Мұхтар Әуезовпен достығы және жазықсыз жазаға ұшыраған жылдары туралы айтылды.


Избранные посты
Недавние посты
Архив
Поиск по тегам
Тегов пока нет.
Мы в соцсетях
  • Facebook Basic Square
  • Twitter Basic Square
  • Google+ Basic Square
bottom of page