"Ғарышты игерген алаш ұлдары"
12-сәуір – халықаралық ғарышкерлер күніне орай Босаға ауылдық кітапханада «Ғарышты игерген алаш ұлдары» атты әңгіме және «Ғарыш әлемі» атты кітап көрме қойылды. Мақсаты: жас өркеннің бойында Отансүйгіштік, азаматтық қасиеттерді қалыптастыру, білімге,ғылымға ұмтылдыру,ғарыш саласы туралы білімдерін молайту,қазақтың ғарышкерлерінің өмірбаяндарымен таныстыру.
Шараға 5-6сынып және 2 сынып оқушылары қатысты. Осыдан тура 58 жыл бұрын, яғни 1961 жылдың 12 сәуірінде таңғы сағат 9-дан 7 минут өткенде Кеңес Одағы қазақ жеріндегі Байқоныр ғарыш айлағынан әуе кеңестігіне «Восток» кемесін аттандырды. Ол кемеде әлем тарихындағы орбитаны бойлай ұшқан тұңғыш ғарышкер, аға лейтенант Ю.А.Гагарин болған еді. Жерден мыңдаған шақырым алыс ұшқан оның сапары дәл сол кезең үшін рекортық көрсеткіш болды.1991 жылы ғарышқа қазақ баласы көтерілді.Бұл –халық қаһарманы, Кеңес одағының батыры Т.Әубәкіров еді. Ашық ғарышқа 8 рет шыққан келесі қазақ баласы- Т.Мусабаев. Қазақстан тәуелсіздігінің 25 жылдығының қарсаңында 2015жылы 2 қыркүйекте ғарышқа ұшуға тағы бір қазақ баласының жолы түсті, ол А.Айымбетов. Байқонырдан алаштың үш азаматы аспан әлеміне саяхат жасап қайтқан туралы және осы алыптарымыздың өмір жолдарын қысқаша әңгімелеп бердім. Оқушылар өздерінің дайындап келген тақпақ, өлеңдерін айтты, өздері ермексаздан, түрлі қағаздан жасап әкелген зымыран, ұшақ т.б еңбектерін көрсеті.