top of page

"Күй -қазақтың қанаты"

1 шілде күні Босаға ауылдық кітапханада бұрынғы Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың жарлығымен шілденің бірінші жексенбісі – Ұлттық домбыра күні болып бекітілуіне орай «Күй – қазақтың қанаты» атты әңгіме болып өтті. Іс- шараның мақсаты: оқырмандарға қазақтың ұлттық аспабы домбыра туралы мәлеметтер беру, ой- өрісін дамыту, ұлттық аспаптарды ұмытпай ұлықтап, халық арасында ұлтжандылықты насихаттау.

Шара барысында Ұлттық домбыра – қазақ елінің көнекөз шежіресі, ұлтымыздың символы, ал күйі –адам жанын тебірентетін бір әлем және тарих беттерінен сөз құдіреті бермеген терең ойды домбыра арқылы жеткізген сәттері де белгілі.Домбыраның қоңыр үні халқымыздың тарихын, салт- дәстүрі мен ұлттық құндылықтарын ұрпақтан –ұрпаққа әуенмен жеткізіп келген. Домбыраның қасиетін арттырған Құрманғазы, Тәттімбет, Дәулеткерей, Қазанғап, Дина, Сүгір сынды бабаларымыздан мирас болып қалған күй өнерін жандандыру туралы жақсы мағлұмат берілді. «Домбыра – замана жаршысы» атты кітап көрмесіне шолу жасалды.


Избранные посты
Недавние посты
Архив
Поиск по тегам
Тегов пока нет.
Мы в соцсетях
  • Facebook Basic Square
  • Twitter Basic Square
  • Google+ Basic Square
bottom of page