"Кітап -білім бұлағы"
2- сәуір – Халықаралық балалар әдебиеті күніне орай Босаға ауылдық кітапханасында «Кітап – білім бұлағы» атты тәрбие сағаты ұйымдастырылып , «Кітап- өшпес мұра» атты кітап көрме қойылды.
Халықаралық балалар кітап күнін өткізудегі басты мақсат – оқырмандарға білімнің кітап арқылы берілетінің ұғындыру, кітаптың адам өміріндегі маңызы зор,ғылым мен білімнің пайдасы жайлы түсіндіру, кітапқа деген қызығушылығын арттыру,кітаптарды күтіп ұстауға, балаларды ертегі арқылы мейірімділікке, ізгілікке тәрбиелеу.
Шараға 4-5 сынып оқушылары қатысты. Сценарий бойынша: қонаққа кітап келіп, балалардың оқулықтар туралы тақпақтарын, мақал – мәтелдерің тамашалады. «Науқас кітап» туралы көрініс қойылып, кітапты қалай үстау керек екенің туралы кеңестер берілді.Викториналық ойындар ойнатылды, мысалы: жұмбақ шешу, логикалық сұрақтар, шардың ішінде жасырылған сұрақтар, т.б. Балаларға, келген оқырмандарға тәрбие сағатымыз ұнады, көптеген тілектер айтылды. Шара соныңда, кітапты қадірлейік, сақтайық, жан серігімізге айналдырайық деген кеңес берілді.