"Жас ұландар -мақтанышы елімнің"
Ұлы Отан соғысында құрбан болған аталарымыз бен әкелеріміздің, мәңгі жас болып, жадымызда сақталған жауынгерлер мен офицерлер рухына, бейбіт кезеңде дүниеден өткен ардагерлерге, бүгінде ортамызда жүрген Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің құрметіне, 7 мамыр күні Босаға ауылының әкімшілік ғимаратының алдыңда монументке гүл шоғың қою рәсімі болып, «Жас ұландар – мақтанышы елімнің» атты патриоттық сағат өтті. Шараға 5,6,7,8,9,10 сынып оқушылары қатысты.
Ауылымыздың әкімі Мұқашев А.Қ барша ардагерлерді құттықтады. «Бүл жылдары жүрегі Отаным деп соққан әр азамат барынша күресе білді.Әрбір азамат өз Отанына деген антын орындап шықты.Олай болса сұрапыл соғыс және елін, жерін қорғаған майдангерлерге алғысымыз шексіз» деп, монументке гүл шоғы қойылды. Келесі сөзді ауылымыздың имамы Аубакиров Р.А сөйледі. Имам қасиетті Құран Кәрімді оқып, ата- бабаларымызға құран бағыштады. Одан кейін оқушылар аталарына арнап өлең,тақпақтар оқыды.Міне, ата- бабаларымыздың арқасында бүгінгі күні өз тәуелсіздігімізді алып, егеменді ел болып, әлемге танылып отырмыз.Өз әнұранымыз,өз елтанбамыз, әрқашан биіктен көрінер туымыз бар.Бұл біз үшін үлкен қуаныш, үлкен бақыт.Қуанышымыз, жемісіміз ұзағынан болсын, деп бүгінгі мерекелік шарамыз аяқталды.