top of page

"Біз бақытты баламыз"

1маусым балғын бүлдіршіндеріміз үшін ең қуанышты және жыл сайын күтетін басты мерекелерінің бірі. Жалпы алғанда, бөбектерге қамқорлық көрсетуі, олардың құқұқтарын қорғау тек белгіленген бір күн емес, әрқашан да үлкендердің назарында.

Осыған орай, Босаға ауылдық кітапханада «Біз бақытты баламыз» атты сурет байқауы ұйымдастырылды.Байқауға 8 бала қатысып, өз қиялындағы бақытты баланы бейнелеп көрсете білді. Нәтижесінде, барлық жеңімпаздарға, қатысқандарға сый-сияпаттар табысталды. Мәдениет үйімен бірлесіп, мәдениет үйінің алдыңда «Бүгінгі бала – білімді бала» атты ертенгілік өтті. Тәуелсіздік, достық, бейбітшілік, татулық пен бақыт туралы өлеңдер айтылды. Сонымен бірге балалардың іс-шараға белсене қатысуына орай көңілдерін одан әрі көтеру мақсатында әр- түрлі жанрдағы өлеңдер қойылып, ойындар ойнатылып, биледі. Балалардың көрсеткен өңерлерін бағалап, демеушілер сыйлықтар тапсырды.

Балалар –бұл біздің үміт және болашағымыз.


Избранные посты
Недавние посты
Архив
Поиск по тегам
Тегов пока нет.
Мы в соцсетях
  • Facebook Basic Square
  • Twitter Basic Square
  • Google+ Basic Square
bottom of page