"Болашақ жолында құрбан болғандарды еске алу"
31 мамыр – бүкіл қазақ баласы көкірегін қарс айырып, бір сәт күрсінетін күн. Өлгенге иман, өткенге салауат тілейтін күн.Қасқөй саясаттың қанқұйлы қасап- қыспағынан қапыда мерт болған қаншама қазақ баласын жоқтайтын күн. Осы күнге орай, Босаға ауылдық кітапхана және мәдениет үйі бірлесе отырып, «Болашақ жолында құрбан болғандарды еске алу» және С.Сейфуллиннің 125 жыл толуына орай әдеби- сазды кеш ұйымдастырылды. Аталған кеште ауылымыздың әкімі Мукашев А.Қ ашаршылық және репрессия жылдарында қазақ халқының бастан кешкен қиын да қанды қасіреттері туралы кіріспе сөзбен ашып, ұлт үшін шейіт болған күллі боздақтардың аруағына тағзым етіп, бір сәт үнсіздікпен қуғын- сүргін құрбандарын еске алды.
Шара барысында «Тарихта қалған тағдырлар» атты кітап көрме ұйымдастырылды. Сонымен қатар, 9 сынып оқушысы Қарғабай Қ «Саяси қуғын- сүргін зардаптары» тақырыбында баяндама жасады. Жас ұрпақтың санасында мәңгі жаңғырып, ұмытылмай қалсын деген ниетпен «1937-1938 жаппай жазалау шаралары» атты слайд көрсетілді.
Осы қуғын-сүргін құрбаны болған – қазақ әдебиетінің негізін салушылардың бірі,қазақ поэзиясының Альбатросы – С.Сейфуллиннің 125 жыл толуына орай ақынның жырларын, өлеңдерін оқушылар мәнерлеп айтып шықты.
Кеш соңында, ақынның өлеңдерің оқыған, кешке қатысқан балаларға - Алғыс хатпен, сувенирлар берілді.