"Библиотүн"
- Босаға кітапханасы
- 13 нояб. 2019 г.
- 1 мин. чтения
23-сәуір – Дүниежүзілік кітаптар күні мерекесіне орай Босаға ауылдық кітапханасында «Библиотүн» атты кітапхана түні акциясы өтті. «Кітап-білімнің бұлағы, білім-өмірдің шырағы» демекші, күш –білімде, сіз білімді кітаптан аласыз.Жаңа ғасыр, жаңа әлем, ғаламтормен достасқан ұрпақ десек те, бар білімнің қайнар көзі тек кітапханада. Сіздің рухыңды сақтайтын- руханиятыңызды толықтырар тек –кітап. Шараға 5,6,8,9 сынып оқушылары қатысты. «Кітап- біздің досымыз» атты кітап көрмесі дайындалды. Көрмеге кітапсүйер қауымды қорға келіп түскен жаңа басылымдармен таныстыру мақсатында түрлі саладағы әдебиеттер қойылды.Оқырмандарға кітаптың шығу мен дамуы туралы, ең алғашқы кітап, қазақ тіліндегі ең алғашқы кітап, әйгілі Отырар кітапханасы, Қазақстандағы ең бай кітапханасы туралы мағлуматтар берілді және «Жазушы мен оның шығармалары» атты ойын ойналды. Оқырмандар өздерінің кітап туралы тақпақтарың, өлеңдерің,билерін билеп, кеш қызыға түсті. Биылғы жылдың республикалық дәстүрлі «Бір ел – бір кітап» акциясының жыл кітабы болып таңдалып отырған қазақтың көрнекті жазушысы Әбіш Кекілбаевтың «Аңыздың ақыры» романы мен белгілі ақын Әбілда Тәжібаевтың поэзиясына тоқталып, шығармалары туралы көптеген мағлұматтар берілді. «Кітапхана түні» акциясы кітапхана мен оқырман арасындағы байланысты одан әрі нығайтып,кітап оқуға шақырудың жаңа үлгісі деп ойлаймын.