"Ауғаныстан ақиқаты"
15- ақпан елімізде қаралы һәм мереке күн.Себебі биыл Кеңес әскерінің Ауғаныстан жерінен шығарылғанына 30 жыл толды. Осыған орай мәдениет үйімен бірлесіп мәдениет үйінде «Ауғаныстан ақиқаты» атты Ауғаныстан соғысының ардагері: Кобдиков Рамазан Казбекұлымен кездесу кеші өтті.
1989 жылы қазақ даласынан 22 мыңнан астам азамат Ауғаныстанға аттанып еді. Өкінішке орай сол қан майданда 900 сарбаз ерлікпен қаза тапты. Біршамасы түрлі деңгейде жарақат алып, елге оралды.Міне 30 жылдан бері 15- ақпан күні бейбіт елдің батырларын еске алып, ерлікке тағзым жасалады.
Айтулы шараға арнайы қатысқан ауыл әкімі Мукашев А.К ыстық ықыласын, құттықтауын жеткізіп, дайындаған сыйлығын табыс етті.
Шараға мектеп оқушылары қатысып, ардагер ағаға сұрақ қойып, сұрақтарына жауап алды. Ардагер аға басынан өткен қиын кезенді, есте қалған сәттерін әңгімеледі.Ал, оқушылар ардагер ағаға жауынгерлерге арналған отты жырларын оқып, әннен шашу шашты. Ал, 8сынып оқушысы: Мадияр Мақсат, бұл оқиға ертеде болған мықты тарихтың бірі.Ал тарих бізге керек. Тарихсыз болашақ жасай алмаймыз. Бұл оқиғаның маңызы көп. Қазіргі ұрпақ ұмытпауы керек, дейді.
Кеш сонында, ардагер ағамыз енді соғыс болмасын деп, осы жастарымыз болашақтағы өскелен ұрпақтарымызға патриоттық тәрбие беруге, отансүйгіштікке үйретіп, соларды біздің отанымызды қорғауға шақырамыз, деді.