16 наурыз - Шежіре күніне
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» мақаласында Наурыз мейрамын тойлау тұжырымдамасын әзірлеп, көктем мерекесінің мазмұнын байытуды тапсырды... Наурыз мейрамының негізгі мақсаты –Қазақстан жерінде бейбітшілік пен достықты нығайту, ұлттық бірегейлікті сақтау, отбасылық құндылықтарды дәріптеу, қоршаған ортаға ұқыпты қарауды қалыптастыру», делінген құжатта.
Биыл мейрам кезінде ұлттық құндылықтарымызды дәріптеу мақсатында,ел болып жаппай ұлттық киімдерімізді киіп,тұл ойнымыздарды ұйымдастырып,салт-дәстүрлерімізді жаңғыртып,жас ұрпаққа Ұлыстың Ұлы күнінің маңызды жөнінде, өсиет,өнеге айту мақсатында, Босаға ауылдық кітапханасында 16 наурыз - Шежіре күніне күміс алқа иегері,ардақты ана Ихашева Ермек Тишбековнамен әңгіме-сұхбат өтті.Шежіре – халықтың шығу тегі,таралуын баяндайтын тарих ғылымының бір тармағы. Қазақ халқында ата шежіресі ерте кезден бар. Шежіре арқылы адамның тегі,ата қонысы,қауымға қосқан үлесі, отан қорғаудағы орны,меншік, адами құқы, т.б. болмыс білетін болған.
17 Наурыз «Тарихқа тағзым күні» аясында Ж.Жабаевтың 175 жылдығына жасөспірімдер арасында «Жырлары шежіресі елімнің» атты мәнерлеп оқу өткізілді. Ұлы қазақ даласында сан ғасырлық жолдан өткен жыраулық мектеп бар еді. Ауыз әдебиетінің алыбы Жамбыл Жабаев та осы жыраулық мектептің соңғы өкілі десе де болғандай еді. Ол "Менің -пірім Сүйінбай, сөз сөйлеймін сыйынбай" деп өмірін өлеңге арнады.Атақты Майкөт пен Құлмамбетті жеңіп, Жетісудың бірінші ақыны атанды.Жамбыл өлеңдері әлемнің барлық тілдеріне аударылған және жарияланған. Оқушылар Жамбыл атамыздың өлеңдерің мәнерлеп оқып шықты.
19 Наурыз «Шымырлық пен шеберлік күні» аясында ауыл ақсақалы, атбегі Зейнелов Мәшруп ағамызбен « Киелі ертоқым ерді сақтайды» атты танымдық сағаты өтті. Қазақтың ат әбзелдеріне ер-тоқым,өмілдірік, құйысқан, үзеңгі, айыл, пыстан, жүген, ноқта, көпшік, шылбыр, қамшы және т.б. жатады.Ат әбзелдерін жасау -шеберлікті талап ететін жұмыс. Ер-тоқым- салт атқа мініп жүруге лайықталған жабдықтардың бір түрі.Ер-тоқымды көне заман көшпелілерінің дамытқан өнер туындысының бірі деуге болады.Өйткені көшпелі тұрмыс, жорық, шабуыл -ат үстіндегі қимылдың барлығы ер-тоқым, тұрман-жабдықтарын тамаша толықтырған.Осы орайда Мәшруп ағамыз жастарға ер-тоқымның жасалуымен аттауларымен таныстырды.
Comments