top of page

БІЗ ЖАЙЛЫ

Босаға ауылдық кітапхана 1983 жылы ашылған. Бірінші кітапханашы болып  Жарылгасинова Раушан жұмыс істеген.

1987-1991 жылы Орынбекова Жадыра Каркеновна. 1991-1995 жылы Бердибекова Наталья Фатиховна жұмыс істеді. 1995 жылы совхоздардың тарауына байланысты кітапхана жабылды.

2000 жылы Президентіміздің «Мәдениетті қолдау» жылына байланысты кітапхана қайта ашылды. Ауыл кітапханасы интернат ғимаратында орналасты.

2002-2004 жылдары Абильдина Айша, 2004-2006 жылдары Жумакасова Манат Бекмырзаевна жұмыс істеді. Осы ашылған жылы кітап қоры 3344 дана болатын. 2006 жылы ғимараттың бұзылуына байланысты, әкім аппаратының 2 қабатынан кітапхана бөлмесі берілді. 2006-2008 жылы Бакирова Боранкуль, 2008-2012 жылы Татубекова Зейнекуль Каргабаевна жұмыс істеді.

2012 жылдың қазан айынан бастап Букирова Зияда жұмыс істеген.

Қазіргі таңда Босаға ауылының кітапханасында 2015 жылдың қыркүйек айынан бастап мен Мадиева Динара Кайроллаевна жұмыс істейді. Жұмысының ауысуына байланысты 2017 жылдың қыркүйек айынан бастап Букирова Зияда өз орнына шықты.

Кітапхана  Айкумбекова көшесі №30 әкімшілік ғимаратының 2-ші қабатында орналасқан. Пешпен жылытылады. Мерзімді басылымдар саны –24. Қазіргі таңда кітап қоры 5050 дана кітапты құрайды. Оның  3726 данасы қазақ тіліндегі кітаптар. Кітапхана жылына 600 оқырманға қызмет көрсетеді, оның ішінде балалар 125 оқырман. Кітапханада 1 компьютер, 1 телефон нүктесі бар. Анықтамалықтар, каталогтар мен картотекалар, орындалған анықтамалар қорын пайдалана отырып, ақпараттық-библиографиялық жұмыстар жүргізеді. Кітапхана рухани – тарихи байлықтың көзі ретінде оқырмандарын өз өлкесін білуге, сүюге баулу мақсатында көлемі бойынша атағы шыққан, ақын, жазушылар, қоғам қайраткерлері, ғалымдар, сазгерлер туралы басылымдарды, ақпараттарды жинақтауда. Кітапхана қызметкерлері ауылдық мерекелерге, жарыстарға атсалыса қатысады. Кітапханада әдеби кештер, кездесулер, жарыстар, викториналар ұйымдастырылып өткізіледі. Кітапхананың қоғамда белсенділігін көтеру, кітапты халық арасында құрметін арттыру мақсатында кітапхананың жұмысы туралы ақпараттар, жергілікті баспа беттеріне шығады.

Букирова Зияда
Кітапханашы

Это текст. Нажмите, чтобы отредактировать и добавить что-нибудь интересное.

bottom of page